Еуроодақ Португалияға 80 миллиард еуро бөлуі мүмкін

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Португалияға бөлінетін қаржылық көмектің көлемі 80 миллиард еуроны құрауы мүмкін.

Еуроодақ Португалияға 80 миллиард еуро бөлуі мүмкін

Бұл туралы экономика және монетарлық істері жөніндегі еурокомиссар Олли Ренаның сөзіне сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі жазған.

Португалия экономикасын жақсарту жөніндегі бағдарлама мамыр айының ортасына қарай мақұлдануы керек. Бұл туралы Еуротоп президенті Жан-Клод Юнкер бұдан бұрын хабарлаған еді.