Еуроодақ реформасы туралы Лиссабон шарты желтоқсанның 1-де күшіне енбек

АСТАНА.  Қарашаның  5-і.  ҚазАқпарат -  Еуроодақ реформасы  туралы     Лиссабон    шарты   ағымдағы жылы желтоқсанның  1-де күшіне енуі мүмкін.

Еуроодақ реформасы  туралы     Лиссабон    шарты  желтоқсанның  1-де күшіне енбек

 Бұл туралы   Еуроодаққа төрағалық  етуші   Швеция елінің өкілі  мәлім етті,  деп   хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

 Бұл шартты     Чехия   бекіткеннен кейін   мүмкін болып  отыр.  Осылайша,     Еуроодаққа мүше барлық  27 ел   жаңа құжатқа  қол қойды.  Қол  қойылған және   бекітілген    барлық  түпнұсқа   мәтіндер Римге     табыс етілгеннен кейін Шарт күшіне енеді. Себебі,   Италия    Еуроодақтың   базалық құжаттарының  депозитарийі  болып табылады.

 Осылайша, Еуроодақ   өз басшылық   институттарына  реформалар  жүргізуге  және     қоғамдастық тарихындағы         тұңғыш  президентті тағайындауға мүмкіндік алып отыр.