Еуроодақ Шенген аумағындағы ішкі бақылауды тағы жарты жылға ұзартты
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ кеңесі бүгін Шенген аймағының ішкі шекараларындағы бақылауды тағы 6 айға ұзартатыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бейсенбі күні Еурокомиссия таратқан коммюникеде хабарланды.
«ЕО Кеңесі Еуроодақтың Германия, Австрия, Дания және Норвегиядағы Шенген аумағының кейбір ішкі шекараларындағы бақылауды алты айға ұзарту ұсынысын қабылдады», - деп атап өтілген хабарламада.
Бұл елдер бұрын Шенген аумағы бойынша заңсыз мигранттарды қайта орналастыру бойынша қоғамдық тәртіп қауіпінің болуына және ішкі қауіпсіздікке байланысты шекаралық бақылау енгізген болатын.
Грекия тарапынан шекараларды басқару мәселелерін, оның ішінде заңсыз мигранттарды, жабдықтар мен адам ресурстарын тіркеу үдерісін шешудің елеулі оңалуына қарамастан, Шенген аумағы ішінде мигранттар қозғалысының қайталану қауіпі бұрынғыша сақталады.
Осыған орай, өткен аптада Еуроодақ ЕО Кеңесіне 13 мамырдан бастап Австрия, Германия, Дания, Норвегия және Швецияға туындаған қауіпті шешу үшін ішкі шекаралардағы бақылауды алты айға ұзартуды ұсынған.