Еуроодақ Сирияға гуманитарлық көмекке 30 млн. еуро бөледі

БРЮССЕЛЬ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің сыртқы істер министрлер кеңесі Сирияның гуманитарлық керек-жарақтары үшін қосымша 30 млн. еуро бөлу жөнінде шешім қабылдады.
None
None

Бұл туралы Брюссельде өткен ЕО сыртқы істер министрлер кеңесінің қорытындысы бойынша сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі ЕО жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мәлім етті.

«Біз Сирияға көрсетілетін гуманитарлық көмекті арттыруымыз қажет. Бүгін еурокомиссар К.Георгиева көмек көзіне қосымша 30 млн. еуро бөлінетіндігін хабарлады. Осылайша ЕО және Еуроодаққа мүше-мемлекеттерден көрсетілетін гуманитарлық көмек 300 миллионнан астам еуроны құрайды»,  - деді К.Эштон.

Еурокомиссияның берген мәліметтеріне қарағанда, аталған қаражат Сирияда шамамен 2 млн. тұрғынға және шекара асқан 474 мың адамға көмек көрсету үшін бағытталады. Қаражат медициналық көмек көрсетуге, киім-кешекке, азық-түлікке, су мен адамның жеке басына арналған заттарға жұмсалады деп болжануда.

БҰҰ бағалауынша, бүгінгі күні Сирияның өз ішіндеқоныс аударғандар шамамен 1,2 млн. адам, сондай-ақ Иордания мен Ливанда жасырынған 474 мың босқын бар.

Соңғы жаңалықтар