Еуроодақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларын кеңейтті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылдың 2 наурызында қабылданған қарарына сәйкес ҚХДР-ға қатысты санкцияларын кеңейтті.
None
None

Бұл туралы Еуропалық одақ таратқан коммюникеде айтылады.

«2016 жылдың 31 наурызында ЕО БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылдың 2 наурызында қабылдаған №2270 қарарына сәйкес КХДР-ға қарсы шектеу шараларын кеңейтті», - делінген ЕО Кеңесінің хабарламасында.

Санкция Солтүстік Корея қарулы күштерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін дамытуға үлес қоса алатын кез келген заттардың (азық-түлік пен дәрі-дәрмектен басқа) экспорты мен импортына тыйым салуды қарастырып отыр.

Құжат ЕО-ға мүше елдерді КХДР-ға жеткізілетін барлық жүктерде тыйым салынған тауарлар мен технологиялардың болмауын тексеруге, сондай-ақ теңіз және әуе кемелерінің жүктеріне тыйым салуға, оларды тіркемеуге міндеттейді.

Кеңейтілген санкциялар сондай-ақ қосымша қаржылық амалдарды шамалап отыр, оған үкіметтік ұйымдардың КХДР-ның әскери бағдарламалары және БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары тыйым салған басқа қызмет түрлерімен байланысты активтерін тоқтату, сондай-ақ КХДР-ның қаржылық мекемелерімен ынтымақтасып отырған үкіметтер мен банктердің еншілес филиалдарын жабу кіреді.

Еске сала кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньяннің ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өткізген зымырандық-ядролық сынақтарына жауап ретінде Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларын күшейтті. 

Соңғы жаңалықтар