Еуроодақ Таулы Карабахта өткізілетін президенттік сайлауды мойындамайды

БРЮССЕЛЬ. 19 шілде. ҚазАқпарат - Еуроодақ бүгін, 19 шілдеде өтетін Таулы Карабахтағы президенттік сайлаудың конституциялық және құқықтық негізін мойындамайды.

Еуроодақ Таулы Карабахта өткізілетін  президенттік сайлауды мойындамайды

Бұл туралы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.

«Бұл «сайлаулар» келіспеушілікті бейбіт реттеу бойынша жалпы келіссөздер аясында Таулы Карабахтың болашақ мәртебесін айқындауда зардабын тигізбеуі тиіс», - деді Кэтрин Эштон.