Еуроодақ Таяу Шығыстағы қақтығыста 130-ға жуық журналистің өлтірілгенін айыптады
АСТАНА. KAZINFORM – Еуроодақ 2023 жылдың қазан айынан бері Таяу Шығыстағы қақтығыста 130-ға жуық журналистің өлтірілгенін айыптады. Бұл туралы ЕО дипломатиясының басшысы Джозеп Боррелл X (бұрынғы Twitter) желісінде жазды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Журналистер Таяу Шығыстағы қақтығыстардан ақпарат таратамыз деп өз өмірлерін құрбан етіп жатыр. Бүгін Израиль қорғаныс күштерінің Ливанға жасаған соққысынан үш адам қаза тапты. Газа секторында соңғы жылда 130-ға жуық журналист көз жұмған. Біз мұны айыптаймыз», - дейді ол.
Таяу Шығыстағы жағдай 2023 жылдың 7 қазанында Газа секторынан ХАМАС әскерлерінің Израиль аумағына кіруінен күрт нашарлап кетті. Олар шекаралық елді мекендердің тұрғындарын өлтіріп, адамдарды кепілге алды. ХАМАС бұл шабуылды Израильдің Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіндегі әрекетіне жауап деп атады.
Содан кейін Израиль Газа секторын толық блокадаға алғанын жариялап, Палестина анклавын, Ливан мен Сирияның бір бөлігіне соққы жасай бастады.
Осыған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Израильдің Газадан кепілге алынғандарды үйлеріне қайтару және соғыс әрекеттерін тоқтатуға ұмтылуы керектігін айтқанын жазған едік.