07:58, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуроодақ төрағасы Польша және Украина президенттерімен кездеседі
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Сәрсенбі күні Польшаның Вроцлав қаласында Еуропаға төрағалық етуші Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанектің,

Польша президенті Лех Качиньски мен Украина президенті Виктор Ющенконың үшжақты кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі чех президенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар «Шығыс ынтымақтастығы» аясындағы мәселелерді және Еуроодаққа мүше елдерге газ жеткізілімі жөніндегі ресей-украин келісімінің орындалу барысы жайлы талқыламақ.