Еуроодақ Тунис өкіметін ұлттық бірлестіктің жаңа үкіметін тезірек құруға шақыруда

БРЮССЕЛЬ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон ханым Тунис өкіметін зорлық-зомбылықты әрі қарай өршітпеуге,
None
None

адам құрбандықтарына жол бермеуге, сондай-ақ ұлттық бірлестіктің жаңа үкіметін тезірек жасақтауға шақырды, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

«Осынау сын сағатта Еуроодақтың Туниспен және оның халқымен бірге екенін қуаттаймыз. Шерулерді күшпен басу әрекеттерін тағы да айыптаймыз және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Біз Тунис өкіметін жауапты әрекет етуге, бейбітшілікті сақтауға және зорлық-зомбылықты әрі қарай өршітпеуге, кісі құрбандықтарына жол бермеуге шақырамыз, осының бәрі демократияға бейбіт жолмен ауысуға мүмкіндік береді», - делінген Еуроодақтың кеңейту жөніндегі еурокомиссары Штефан Фюле мен Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон ханымның бірлескен мәлімдемесінде.

Еуроодақтың жоғары өкілі сондай-ақ, Тунисте сайлау процесін ұйымдастыруға, елдегі саяси ахуал тұрақтаған соң дереу экономикалық көмек бағдарламасын қосуға Одақтың көмек көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Тунисте мемлекеттік төңкеріс болып, ел президенті 74 жастағы Зин әл-Абидин бен Али елден кетуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар