08:50, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Еуроодақ жаһандық жылымықпен күресудің базалық тұжырымдамасымен келісті
БРЮССЕЛЬ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуроодақтың өткен саммитінде мемлекет және үкімет басшылары желтоқсан айында Копенгагенде өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеру проблемасына арналған халықаралық конференциясында таныстырылатын Жаһандық жылымықпен күрес жөніндегі базалық тұжырымдамамен келісті.

«Еуроодақ қазір өте күшті келіссөз базасына ие», деп мәлім етті журналистерге Еуроодаққа төрағалық етуші Швецияның премьер-министрі Ф.Рейнфельдт.
БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негізгі конвенциясына қосымша құжат болып табылатын Киото хаттамасының күші 2012 жылы желтоқсанның 12-де аяқталады және оның орнына келетін жаңа келісім Копенгагенде қабылданады деп күтілуде.