Еуроодақта әйелдердің табысы ер адамдарға қарағанда 16,1 пайыз төмен - Еуростат

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ЕО-ның «Еуростат» статистикалық қызметі Еуроодақта ер адамдар мен әйелдердің еңбек нарығындағы гендерлік теңдігінің жағдайы туралы зерттеуін жариялады.

Еуроодақта әйелдердің табысы ер адамдарға қарағанда 16,1 пайыз төмен - Еуростат

«2014 жылы Еуропалық одақта ерлер мен әйелдер еңбекақысындағы алшақтық 16,1 пайызды құраған», - деп хабарлайды «Еуростатта».

Осы арада, еңбек нарығында ер адамдар мен әйелдердің арасындағы айырмашылық тек жалақымен шектеліп қоймайды. Белгілі бір деңгейдегі кемсітушілік сондай-ақ еңбек шарттарын орнату кезінде де байқалып отыр.

«ЕО-да балалары жоқ әрбір бесінші әйел толық емес жұмыс күні режимінде еңбек етсе, осыған ұқсас жағдай тек әрбір он екінші ер адамға тән болған», - делінген зерттеуде.

Еңбекті өтеуде гендерлік алшақтықтың ең төмен деңгейі Словения (2,9%), Мальта (4,5%), Италия (6,5%), Польша (7,7%), Люксембург (8,6%) және Бельгияда (9,9%) байқалуда. Ал керісінше жағдай Эстония (28,3%), Австрия (22,9%), Чехия (22,1%), Германия (21,6%) және Словакияда (21,1%) тіркелген.