Еуроодақта барлық жаңа көліктер «күндізгі жүріс оттарымен» жарақталатын болады

БРЮССЕЛЬ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақта дүйсенбі күннен бастап жаңа ереже күшіне енді, оған сәйкес барлық жеңіл көліктер мен шағын фургондар қозғалтқыш іске қосылған сәттен бастап жанатын «күндізгі жүріс оттарымен» (күндізгі фарлармен) жарақталуы керек,
None
None

деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

Еурокомиссияның бағалауынша, бұл шаралар жолдардағы қауіпсіздікті арттыратын болады, себебі жол қозғалысына қатысушылар көлік құралдарын алыстан байқайды. Еурокомиссия вице-президенті Антонио Тайанидің айтуынша, «күндізгі жүріс оттары еуропалық жолдардағы шығындарды төмендету жөніндегі біздің мақсатымызға маңызды үлес қосатын болады».

Еурокомиссияның мәліметі бойынша, 2009 жылы Еуропа жолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларында 35 мыңнан астам адам көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар