Еуроодақтағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі қысқарды - Еуростат
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы наурызда Еуроодақтағы өнеркәсіптік өндіріс өткен айға қарағанда 0,5 пайызға қысқарды.
Бұл туралы Еуростат ЕО статистикалық ведомствоның бейсенбіде таратқан зерттеуінде хабарланды.
«Биылғы наурызда 2016 жылғы ақпанмен салыстырғанда, маусымдық факторларды ескергенде еуроаймақта 0,8 пайызға, ЕО-да тұтастай 0,5 пайызға төмендеді», - деп хабарлады Еуростат.
Өткен аймен салыстырғанда: Ирландия (-11,2%), Литва (-3,5%), Эстонияда (-3,3%) төмендеді, ал ең жоғарғы өсім: Хорватия (+5%), Латвия (+4,3%), Чехия (+1,4%) мен Испания (+1,3%).
Теріс үрдіс екі ай қатарынан бақыланды. Ақпанда бұл көрсеткіштің төмендеуі еуроаймақта 1,2 пайыз, барша ЕО-да 1 пайызды құраған.