Еуроодақтағы Швеция төрағалығы тараптарды «Набукко» бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылуымен құттықтады

None
None
None

БРЮССЕЛЬ.   Шілденің 14-і.  ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -    Еуроодақ  Кеңесіндегі Швеция   президенттігі  Түркия,  Австрия,  Болгария, Румыния  және Мажарстан  елдерінің  Анкарада «Набукко»   құбыр желісі    бойынша  үкіметаралық  келісімге  қол  қоюына   байланысты    тараптарды  құттықтады,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат     ведомствоның  сайтына сілтеме  жасап.

«Қауіпсіз энергетикалық жеткізілімді арттыру - Еуроодақ үшін   стратегиялық   мәселе.      Отын жеткізілімнің көзі  мен бағыттарының  көптүрлігімен    мазмұндалатын  еуропалық     энергия   нарығы     маңызды роль атқарады»,     делінген    Еуроодақтағы Швеция  төрағалығының  мәлімдемесінде.

«Келісімге  қол қою -  «Оңтүстік  дәлізді» түсінудегі  және   тұтынушылар  мен     отынды өндіруші  және   транзиттеуші елдердің  мүдделері   үшін   оның     энергетикалық  ынтымақтастығын  тереңірек түсінудегі    нақты қадам болып  табылады»  делінген      құттықтауда.

«Энергетикалық қауіпсіздік -    тығыз  ынтымақтастық жолында Еуроодақ  пен Түркия   ортақ стратегиялық   мүддеге  ие      салалардың бірі»,  деп  атап көрсетіледі  құжатта.

«Набукко»   жобасы    Ресейді айналып  өтіп, Түркия арқылы Еуроодақ елдеріне  Каспий аймағынан газ  жеткізуді   қарастырады.   Құбыр желісінің    жобалық қуаты -    жылына   31 миллиард текшеметр,  ал құны -  8,6 миллиард еуро.     Жобаны 2014-2015 жылдары   жүзеге асыру жоспарланып  отыр.  Құбырдың  ұзындығы - 3,3 мың  шақырым.

Соңғы жаңалықтар