Еуроодақтың әрбір төртінші қала тұрғынының тұрмысы төмен деңгейге түсті

«2014 жылы ЕО-да 50 миллионға жуық (немесе қала тұрғындарының 24,4 пайызы) қала тұрғыны кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулауға ұшырай жаздады», - деп хабарлады «Еуростаттан».
ЕО-ға мүше бес мемлекетте тұрғындардың шамамен үштен бір бөлігі тұрмысы төмен деңгейге түсті: Грекияда (34,1 пайыз), Болгарияда (30,0 пайыз), Бельгияда (28,6 пайыз), Австрия және Румынияда (28,3 пайыздан).
Кедейлікке ұшырауы мүмкін елдердің қатарында, сондай-ақ Чехия (13,9 пайыз), Словакия (15,0 пайыз), Люксембург (16,1 пайыз) және Финляндия (16,6 пайыз) бар.
Кедейлік бойынша мәліметтерді қала және ауылдық аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер, сондай-ақ аймақтар арасындағы ерекшеліктер қамтып отыр. Кедейлік көбіне ауылдық жерлерде немесе шағын қалаларда тұратын отбасыларда кездеседі. Үлкен қалалардың тұрғындары кедейлікке аз деңгейде ұшырайды.