Еуроодақтың инвестбанкі Украинадан кетпекші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) Украина аумағындағы өзінің қызметін уақытша тоқтатады, деп хабарлады Reuters.
Бизнестің тұралауына билік пен оппозиция арасындағы ушыққан жағдай себеп болды. Киевтің өзінде соңғы тәулікте 26 адам қаза тапты. «Жағдай жақсармайынша Украинада бизнесті жалғастыра алмаймыз, украиналық кеңселерде жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің басын қатерге тігу жауапсыздық деп түсінемін», - деп мәлімдеді банк президенті Вернер Хойер.
ЕИБ Еуроодақ елдерінің мемлекеттік несиелік мекемесі болып табылады. 1958 жылы құрылған банк Еуропаның дамуы баяу өңірлеріне ұзақмерзімді несие берумен айналысады.
Бұдан бұрын 2014 жылы ЕИБ Украинаның жылу, сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін жаңғыртуға 800 млн. еуро несие беретіндігін хабарлаған.
Украина үкіметі ЕИБ 55 млн. еуро несие беруін орынды деп таныған, оны Италия-Словения-Венгрия-Словакия-Украина-Ресей көлік дәлізінің бөлігі болуы тиіс Бескидский тонелін салуды жұмсауға жоспарлаған болатын.