Еуроодақтың жоғарғы өкілі Таяу Шығыс елдеріне тағы да сапар жасады

БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуроодақтың бірлескен сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Хавьер Солано қаңтардың 26-сы мен 28-і аралығында тағы да Таяу Шығыс елдеріне сапар жасауда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Х.Соланоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Израиль мен «Хамастың» арасындағы ұзақмерзімдік бітімге келу келіссөзіне қосылу және Газа секторының халқына гуманитарлық көмектің жеткізілуін жеңілдету мақсатында ол сапар барысында Мысырға, Иорданияға, Палестина аумақтарына және Израильге ат басын тірейді. Еуроодақтың жоғарғы өкілі сондай-ақ Мысыр президенті Хосни Мүбаракпен, Иордания Королі ІІ Абдалламен, Палестина ұлттық автономиясының басшысы Махмұд Аббаспен, ел премьер-министрі Салам Файядпен, Израиль үкіметінің басшысы Эхуд Ольмертпен және елдің сыртқы істер министрі Ципи Ливнимен келіссөздер өткізеді. Х.Солано сонымен бірге АҚШ президенті Барак Обаманың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Джордж Митчелмен де кездеседі.
Соңғы жаңалықтар