19:50, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуроодақтың жоғарғы өкілі және Түркияның премьері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Кеше Брюссельде Еуроодақтың бірлескен сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөнінде жоғарғы өкілі Хавьер Солана Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Х.Солананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Келіссөздер барысында тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды тақырыбын талқылады. Онда Израиль мен «ХАМАС» қозғалысының арасындағы қақтығыстың тоқтатылғаны жарияланғаннан кейінгі Газа секторындағы соңғы оқиғаларға айрықша көңіл бөлінді. Х.Солана мен Түркияның премьері Еуроодақ-НАТО қатынастарын қоса алғанда басқа да өзекті мәселелерді ортаға салды.