Еуроодақтың жоғары өкілі Израиль мен Палестина арасындағы тікелей келіссөзге көмектесу үшін Таяу Шығысқа аттанады

БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон Израиль мен Палестина арасындағы тікелей келіссөзді қолдау үшін бүгін Таяу Шығысқа барады,
None
None

деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

Ведомство таратқан ақпаратта атап көрсетілгендей, Израильдің еврей қоныстарының құрылысына мораторийді ұзартпау туралы шешімінен кейін, Еуроодақ өкілі К.Эштон қазір сапармен жүрген АҚШ-тан тіке Таяу Шығысқа аттану туралы шешім қабылдады. Израильдің бұл шешімі қыркүйек айында Израиль мен Палестина автономиясының арасындағы басталған тікелей бейбіт келіссөздің тоқтап қалуына себеп болуы мүмкін. Еуроодақ өкілі тараптарды келіссөзді әрі қарай жалғастырудың жолдарын іздестіруге шақырмақ.

К.Эштон ханымның айтуынша, «Еуроодақ құрылыс жүргізуге салынған мораторийді ұзартпау туралы Израильдің шешіміне өкініш білдіреді. Сапарымның барысында мен екі тарапқа жауапты әрекет ету және бейбіт жолды таңдау туралы үндеуімді тағы да қайталамақпын. Келіссөзді жүргізуден басқа балама жол жоқ».

Еуроодақ өкілі сапар барысында Израиль премьері Биньямин Нетаньяхумен, Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббаспен, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Джордж Митчелмен кездесулер өткізеді.

Соңғы жаңалықтар