Еуропа әуежайларында жолаушылардың электронды құралдарын тексеру күшейтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық билік АҚШ-қа бағытталған тікелей рейстерге қызмет көрсететін еуропалық ірі әуежайлардың әкімшіліктеріне жолаушылардың электронды құралдарын тыңғылықты тексеру талабын алға тартты, деп жазады шетелдік БАҚ.
Енді АҚШ-қа қарай ұшатын жолаушыларға компьютерді немесе телефонды қосып, тексеру шаралары іске асырылуы мүмкін. Егер де құрылғының батареясы отырып қалса, онда оны бортқа алып кіруге рұқсат етілмеуі ықтимал.
Белгілі болғандай, лондондық «Хитроу» электронды аппараттар тыңғылықты тексерілетін еуропалық әуежайлардың бірі болмақ.
Франция, Британия және Германия АҚШ-тың қауіпсіздік шараларын күшейту ұсыныстарына келісімін білдірді.