Еуропа чемпионаты: Италия өз алаңында Англиядан жеңілді

23 наурыздан 24-іне қараған түні Еуропа чемпионатының іріктеу сатысының алғашқы ойын күні өтті.
Бұл күнгі басты кездесуде С тобында Италия мен Англия құрамалары шеберлік байқасты. Ойын барысында құрамалар белсенді қимыл көрсетті.
Кездесуде Италия Англияға 1:2 есебімен жол берді.
Сондай-ақ J тобында Португалия өз алаңында Лихтенштейнді қабылдады. Аталған кездесуде Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 197 ойынын өткізді. Осылайша ол әлемдік рекордты жаңартты.
Португалиялықтар қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті. Кездесуде атақты футболшы екі голдың авторы атанды.
Ал Қазақстан құрамасы сынға түсетін H тобында Дания Финляндияны 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Сан-Марино Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен жеңілді.
Кеше Қазақстан құрамасы Словенияға 1:2 есебімен жол берген еді.
Енді аталған топта 26 наурызда Солтүстік Ирландия мен Финляндия, Словения мен Сан-Марино, Қазақстан мен Дания шеберлік байқасады.
1 турдың ойын нәтижелері
C тобы
Италия - Англия 1:2
Солтүстік Македония - Мальта 2:1
H тобы
Дания – Финляндия – 3:1
Сан-Марино – Солтүстік Ирландия – 0:2
J тобы
Португалия – Лихтенштейн – 4:0
Босния және Герцеговина – Исландия – 3:0
Словакия – Люксембург – 0:0
Енді 24 наурызда В, E, F, G топтарында алғашқы тур ойындары өткізіледі. Басты ойынның бірі В тобындағы Франция - Нидерланд құрамалары арасында болады.