Еуропа чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Словенияға жол берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Словенияға жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуді словениялық құрама белсенді бастаған еді. Алғашқы минуттарда алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Оған қазақстандық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. Доп қақпаға дарыған жоқ.

Есесіне алаң иелері қатарынан Максим Самородов 24-минутта сол қанаттан Ян Вороговскийдің әуелете берген добын баспен қақпаға енгізді.

Екінші кезеңде словениялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды.

Нәтижесінде 47-минутта Давид Брекало көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 78-минутта Жан Випотник Словенияны алға шығарды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 26 наурызда елордада Дания құрамасына қарсы өткізеді.

Сондай-ақ, аталған топта бүгін Дания - Финляндия, Сан-Марино - Солтүстік Ирландия құрамалары шеберлік байқасады.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.


Соңғы жаңалықтар
telegram