Еуропа чемпионатына қатысатын футболшылар белгілі болды
Шағын футболдан өтетін «кәрі құрлықтың» басты бәсекесін Словения мемлекеті қабылдайды. Оған дейін ел құрамасы Иранда өтетін халықаралық турнирге аттанады. Доп додасы желтоқсан айында Исфахан қаласында өтеді.
Бас бапкер кеңейтілген тізімге 25 ойыншыны алыпты. Негізгі өтінімге 14 спортшы ілігеді. Олардың арасында Рудныйлық «Аяттың» 4 футзал шебері бар.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Григорий Шамро ("Ақтөбе"), Игита ("Қайрат"), Александр Гуров ("Жетісу")
Алаңдағы ойыншылар: Арнольд Кнауб, Николай Пенгрин, Александр Довгань, Андрей Турсагулов, Оразов Александр, Илья Мун (барлығы - "Жетісу"), Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов, Лео, Дінмұхамбет Сүлейменов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас (барлығы - "Қайрат"), Таку Павел, Қайрат Иманалин, Альберт Акбаликов, Төреғазин Ринат, Асхат Көлбаев (барлығы - "Ақтөбе"), Антон Рындин, Ерсұлтан Сағындыков, Алексей Лопатюк, Азат Валиуллин (бәрі - "Аят").
Қостанайлық жанкүйерлер үшін тағы бір жаңалық, «Аяттың» басты «көзірі» 22 жастағы бразилиялық легионер Майкон Сильва командамен қош айтысты. Ол енді әзербайжандық «Араз» командасының намысын қорғайды.