Еуропа чемпионатының 9-шы күнінде Чехия мен Польша және Грекия мен Ресей құрамалары кездесті
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - "Еуро-2012" футболдан Еуропа чемпионатының 9-шы күніндегі ойындар Вроцлав пен Варшава стадиондарында өтіп, "А" тобындағы Чехия мен Польша және Грекия мен Ресей құрамалары жасыл алаңда кездесті.
Ойын нәтижесінде Чехия мен Грекия құрамалары "А" тобындағы алғашқы екінші орынды иеленіп, плей-оффға жолдама алды.
Айта кетерлігі, барлық төрт команданың да плей-офқа шығуына мүмкіндігі бар болатын. Мәселен, Ресей мен Чехияны тең ойын қанағаттандырса, ал гректер мен поляктарға тек жеңіс қажет еді. Екі ойын да бір уақытты басталды. Чехия мен Польша арасындағы тартысы ойында екі құраманың есеп ашуға мүмкіндігі болатын. Бірақ та алғашы кезең тең аяқталды. Ал Грекия мен Ресей арасындағы тартыста 1 таймның соңғы минуттарында орыс қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланып алға суырыла шыққан Георгиос Карагунис гол соқты. Ал екінші таймда орыстар барынша белсенді ойнап, гректер қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндіргенімен есепті теңестіре алмады. ойын гректердің пайдасына аяқталды.
Чех құрамасы болса, екінші таймның ортасында поляктар қақпасына гол соғып алға шықты. Ойын соңына дейін бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.
Сонымен өз топтарында бастапқы екі орынға жайғасқан Чехия мен Гекия плей-оффқа жолдама алды.
Бүгін "В" тобында Португалия мен Голландия және Дания мен Германия құрамалары кездеседі.