Еуропа елдері қалың қар құрсауында қалды
Баварияда Қызыл Кірес ұйымы қар құрсауында қалып қойған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Мюнхенге таяу жерде тоғыз жасар баланың басына ағаш құлап, мерт болды.
Ал, аустриялық құтқарушы белден асатын омбы қарды басып, Шлоссальмбан ауданында адасып кеткен польшалық сноубордшыға көмектесті.
«Теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте орналасқан жерге қардың жаууы 30 немесе 100 жылда бір рет болатын», - деді Аустрия метеорологиялық қызметінен Александр Радлерр.
Швецияда елдің солтүстік аудандарында қатты дауыл соғып жатыр. Жұма күні Баварияда ауа райы күрт бұзылды. Елдің оңтүстігі мен шығысында теміржолдар қатты зақымданған. Ол жердегі теміржолдарды қар мен құлаған ағаштар басып қалған.
Швейцарияда Сантис-Швегальп курортында «Швегальп» қонақүйін қар басып, қонақүй мейрамханасының шыны есіктерін сындырған. Барлық туристер эвакуацияланды.