20:24, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуропа энергия тәуелділігінен шығу жолын іздейді
МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ – Еуропа бұған дейін бірнеше рет ресейлік энергия көздерін жеткізіп берудің тұрақсыздығына алаңдаушылық білдірген болатын: биылғы жылы ресей-украина газ жанжалынан Еуропа зардап шегуші тарап болып шықты.
Жеткізіп берудегі іркілістер еуропалық қоғамдастықты осы жағдайдан шығу жолдары туралы ойлануға және энергия көздерін баламалы жеткізіп берушіні іздеуге мәжбүр етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Африка мемлекеттерімен қатар Әзірбайжан, Түрікменстан және Қазақстан баламалы нұсқалардың қатарына енеді. Қазақстандық энергия көздерін Латвия айлақтары арқылы немесе одан әрі Еуропаға шыға отырып, жаңа құбыр салу арқылы қазақстандық энергия көздерін жеткізіп беру мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал. Қазақстанда әлемдегі ірі мұнай және резервтері бар және әлемдік энергетика рыногында барынша маңызды рөл атқарады.