Еуропа кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы 60 жылдығын веб-парақша ашумен атап өтуде
МӘСКЕУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы бүгін алғашқы отырысының 60 жылдығын атап өтуде және оның құрметіне жаң веб-парақшасын ашты,
деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне ұйымның баспасөз қызметінің қызметкері.
«Бұл парақшада Ассамблеяның алғашқы отырысының құжаттары, фотосуреттер және аудио жазбалалр орналастырылған», - деді ол.
Еуропа Кеңесінің мерейтойы құрметіне сайтта Парламенттік Ассамблея басшысы Луис Мария де Пучтың арнайы мәлімдемесі орналастырылған. Ол ұйымның жетістіктерін оң бағалаған және Европа Кеңесі мен оның Ассамблеясының әлі де көп жұмыс жасауына тура келетінін айтқан. Ұйым басшысының айтуынша, оның басты жұмысы адам құқығын қорғау және оны ілгері жылжыту, құқықтың және демократия ұстанымдарының үстем болуына күш салу болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Парламенттік Ассамблеямен қатар биылғы қазан айында Еуропа Кеңесі де өзінің 60 жылдығын атап өтеді.