Еуропа Лигасы: Ақтөбелік футболшылар «Милсами» командасынан 3:0 есебімен басым түсіп, үшінші кезеңге шықты

Бұл ойында 1992 жылы 27 шілде қалыптасқан екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың 20 жылдығына қазақстандықтар үлкен сый жасады. Бұған дейін 19 шілде күні сырт алаңда Владимир Мұханов жаттықтыратын ақтөбеліктер оргеевтік құрдастарына 4:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Қарымта ойында олар алғашқы таймда 38-минутта 1:0 есебімен есеп ашып, ойынның екінші жартысында, 53-минутта оны 2:0-ге дейін ұлғайтты. Ал кездесудің 93-минутында қонақтарды әбден састырып, оларды өз қақпасына доп соғуға дейін жеткізіп, жарыстың келесі кезеңіне сүрінбей өтті. Сергей Клещенко баптаған қонақтар ақтөбеліктерге бұл жолы шын мәнінде айтарлықтай еш қарсылық көрсете алмады. Енді қазақстандық футболшылар Еуропа лигасының үшінші дәрежелік раундында 2-тамызда Бельгия "Гент" футбол клубымен күш сынаспақ. Трон Соллье жаттықтыратын генттік аяқдопшылар Бельгия кубогын үш дүркін (1964, 1984, 2010) иеленіп, 2 рет суперкубок (1984, 2010) финалисі болған команда. Олар сондай-ақ, 1991-1992 жылдары УЕФА кубогының ширек финалисі және Интертото кубогының финалисі атанған азулы команданың бірі саналады.