Еуропа лигасы: Аршавин «Қайратқа» жеңіс сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайраты» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда өткен матчта албаниялық «Теуту» командасын 1:0 есебімен жеңді.
Ойынның 70-ші минутында Андрей Аршавин қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Алаң иелері оған «жауап» қайтара алмады.
Қарымта ойын 7 шілде күні Алматыда өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» мен венгриялық МТК командаларының арасында өткен ойын тең нәтижемен аяқталған еді - 1:1.
Сондай-ақ, санаулы сәттерден кейін «Ордабасы-Чукарички» командаларының кездесуі аяқталады.