22:58, 15 Ақпан 2018 | GMT +6
Еуропа лигасы: «Астана» 1-таймды жеңіспен аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның "Спортинг" командасын қабылдап жатқан "Астана" бірінші таймда қарсыластарға гол соқты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордалық ұжым алғашқы минуттардан бастап-ақ ойын тізгінін қолға алды. Жылдам шабуылдардың нәтижесінде 7-минутта Марин Томасов дәл соққы бағыттап, есеп ашты.
Тайм соңына дейін командалар алма-кезек шабуылдағанмен, үзіліске 1:0 есебімен шықты.
Еске салайық, УЕФА Еуропа лигасы 1/16 финалы аясындағы «Астана» - «Спортинг» командаларының кездесуі елордадағы «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр. Матч әлемнің бес құрлығына тікелей эфирде таратылуда.