09:31, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Еуропа лигасы: «Генк» - «Ақтөбе» 2:1
АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше сырт алаңда УЕФА Еуропа лигасының 3-раундындағы алғашқы кездесуін өткізген ақтөбелік футболшылар Бельгияның «Генк» командасынан 2:1 есебімен ұтылып қалды.

3 доп та қос команданың қақпасына ойынның алғашқы жартысында соғылды. Атап айтқанда Андрей Сидельников қорғаған ақтөбеліктердің қақпасының кілтін алаң қожайындары 18-минутта пенальти арқылы ашқан. Петр Бадло 25-минутта есепті теңестіргенімен, ойынның екінші жартысында Крристина Жозеф-Монроз таблодағы есепті өз командасының пайдасына өзгертті. Ойынның екінші жартысында ол сол күйі қалды. Сонымен алғашқы кездесу 2:1 есебімен Марио Беен жаттықтыратын генктік футболшылардың пайдасына шешілді. Владимир Мухановтың шәкірттері енді 9 тамызда өз алаңында өтетін қарымта кездесуде есе қайтаруға бар күшін жұмсайтын болады.