ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Қайрат»-«Бордо» матчының билеттерінің құны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бордо» ФК ресми сайтында хабарланғандай, алматылықтармен ойында команданың жақсы қолдауға ие болуын қамтамасыз ету мақсатында Еуропа Лигасының плей-офф раундында билеттер бағасын көтермеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Sports.kz.

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Қайрат»-«Бордо» матчының билеттерінің құны белгілі болды

Маусымдық абоненттер иелері ойынды тегін тамашалай алады. 16 жасқа дейінгі жанкүйерлер үшін матч билетінің құны 5 еуро (1 051 теңге 16 тиын) болмақ.

Ал қалғандар үшін оның бағасы - 8 еуродан 24 еуроға дейін (1 681 теңге 86 тиыннан 5 045 теңге 58 тиынға дейін). Ойын өтетін күні кассада барлық билеттердің бағасы 2 еуроға (420 теңге 46 тиынға) жоғары болады. Еске сала кетейік, «Бордо» - «Қайрат» командаларының кездесуі «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ол 21 тамызға қараған түні Алматы уақыты бойынша сағат 00:30-да Бордо қаласының «Нуво Стад де Бордо» стадионында басталады.

Ал қарымта матч 27 тамыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.