Еуропа лигасы: «Ордабасы» - «Русенборг» 1:2

АЛМАТЫ. 27 шілде. ҚазАқпарат -  Алматының Орталық стадионында кеше футболдан Шымкенттің «Ордабасы»  және Тронхеймнің «Русенборг Баллклуб» командалары арасында  Еуропа лигасының 2-дәрежелік раундындағы қарымта кездесу өтті.
None
None

 Онда Виктор Пасулько жаттықтыратын қазақстандық аяқдопшылар сапынан Мансур Гуйе бірінші таймда  32-минутта есеп ашқан. Үзілістен кейін  қонақтардан Фредхейм-Хольма 67-минутта есепті теңестірді. Одан кейін араға он минут салып қонақтар алаң қожайындарының өткір шабуылын тоқтату кезінде ойын тәртібін өрескел түрде тоқтатқан. Төреші белгілеген  11 метрлік айып добын Артем Касьянов сәтті орындаған, алайда оны қазылар  есептемей, айып добын қайта орындауға нұсқау берді. Жүйкесі сыр берген  "Ордабасы" капитаны бұл жолы мүлт кетті.  Ал ойынның соңғы минутында "Русенборг"  ойыншыларынан Боржек Дочкал Алмат Бекбаев қорғаған "Ордабасы" қақпасынан саңылау тауып, жеңісті қолдан біржола жұлып алып кетті. Төреші ысқырығы естілген кезде таблодағы қорытынды есеп 1:2 боп аяқталды. Бұған дейін  19-шілдеде сырт алаңда олар 2:2 есебімен тең түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар