Еуропа Лигасы: «Шахтер» «Атлантасты» ойсырата жеңдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының ойыншылары Еуропа Лигасының екiншi раундында өз алаңында «Атлантасты» тiзе бүктiрдi.

Еуропа Лигасы: «Шахтер» «Атлантасты» ойсырата жеңдi

Бiрiншi таймда гол сала алмаған қос команда үзiлiске 0:0 есебiмен тарасқан. Екiншi таймда қарағандылықтар Топчагичтiң голының (46-шы минут) арқасында алға шықты. Ал 61-ші минутта қақпашымен жекедара шыққан Ұлан Қонысбаев есептi еселетiп, команданың мерейiн үстем еттi. Екiншi тайм барысында алаңға шыққан Мұртазаев матчтың соңғы минутында қарағандылықтар үшiн үшiншi гол салды. Ойындағы қорытынды есеп - 3:0.

Айта кетейiк, Еуропа Лигасының екiншi кезеңiндегi бұл матч командалар арасындағы қарымта кездесу. Алғашқы матч 0:0 есебiмен аяқталған болатын.