Еуропа Лигасы: «Шахтер,«Қайрат» және «Астана» клубтарының қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньоне қаласында Еуропа Лигасының үшiншi раундында кездесетiн командалардың жеребесi өттi.
Бұл кезеңде бiрден үш қазақстандық команда "Шахтер", "Қайрат" пен "Астана" ойнауы мүмкiн. Бiрақ алдымен оларға қарымта ойындарда тиiсiнше "Атлантас", "Эсбьерг" және "Хапоэль" клубтарын жеңулерi тиiс.
Жеребе бойынша, "Қайрат"- "Эсбьерг" арасындағы матчта ұтқан команданың үшiншi кезеңде "Рух" (Польша) / "Вадуц" (Лихтенштейн) текетiресiнiң жеңiмпазымен жолы түйiседi. "Астана" егер "Хапоэльге" iрi есеппен жеңiлмесе, "Линфилд" (Солтүстiк Ирландия) немесе АИК (Швеция) командасымен кездеседi. "Шахтер" болса, үшiншi кезеңге өтiп жатса, "Дандолк" (Ирландия) / "Хайдук" (Хорватия) кездесуiнiң жеңiмпазымен доп тебедi.
Айта кетейiк, үшiншi раунд матчтары 31 шiлде мен 7 тамызда өтедi. Плей-оффқа 29 жеңiмпаз бен Чемпиондар Лигасында сүрiнген 15 клуб жолдама алады. Тағы 18 команда Еуропа Лигасында автоматты түрде ойнайды.