Еуропа лигасына іріктеу сынында «Шахтер» мен «Астана» армениялық командалармен ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасына іріктеу сынының бірінші кезеңінде армениялық Гюмри қаласының командасы «Ширак» қарағандылық «Шахтердың» қарсыласы атанса, «Астана» командасы Ереванның «Пюник» клубына қарсы ойнайтын болды.

Еуропа лигасына іріктеу сынында «Шахтер» мен «Астана» армениялық командалармен ойнайды

Бірінші кезең ойындары Гюмриде 3 шілдеде және 10 шілдеде Қарағандыда өтеді.

«Уикипедия» деректері бойынша, «Ширақ» футбол клубы 1958 жылы құрылған. Армениядағы ең ертеден келе атқан клубтардың бірі, сондай-ақ Армения Республикасы Премьер-лигасының барлық чемпионаттарына қатысқан жалғыз команда болып табылады.

Ал, «Пюник» - 1966 жылы құрылған Ереван қаласының футбол клубы. Орыс тіліне аударғандағы атауы «Феникс» (мифологиялық құс).

Армениядағы атақты клуб болып табылады. Арменияның 10 дүркін чемпионы, Армения кубогын 6 мәрте иеленген, Армения Суперкубогын 7 рет жеңіп алған.