08:07, 06 Қараша 2017 | GMT +5
Еуропа лигасына шыққан «Ертістің» бас бапкері қуанғаннан лезгинка биледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан атынан келер жылғы еурокубоктарға қатысатын төрт команда анықталды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Ел чемпионы, елордалық ұжым «Астана» еурокубок ойындарын Чемпиондар лигасына іріктеу турнирінен бастайды. Қазақстан Кубогының жеңімпазы алматылық «Қайрат», қола жүлдегер шымкенттік «Ордабасы» және төртінші орынды алған «Ертіс» Еуропа лигасының іріктеу турниріне қатысады.
Павлодарлық футбол ұжымның бас бапкері Вячеслав Грозный бұған ерекше қуанды. Еуропа лигасының бірінші іріктеу раундына жолдама алғаны үшін «Ертістің» 61 жастағы бапкері лезгинка билеп жіберді.
Матч в Павлодаре был настолько наэлектрализован, что Вячеслава Грозного ударило током 😂😂😂 pic.twitter.com/AssshtrWpT
— Aidyn Kozhakhmet (@AKozhakhmet) 5 ноября 2017 г.