Еуропа Лигасында елордалық «Астана» футбол клубы «Ботев» құрамасымен кездеседі

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасында елордалық «Астана» футбол клубының қарсыласы Плодив қаласының «Ботев» құрамасы болмақ.

Еуропа Лигасында елордалық «Астана» футбол клубы «Ботев» құрамасымен кездеседі

Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Атап өтілгендей, Болгарияның футбол одағы УЕФА-ға банкротқа ұшыраған ЦСКА клубын «Ботевке» ауыстыру туралы ресми хат жолдаған және көптеген келіссөздерден кейін еуропалық футбол қауымдастығы одағынан мақұлдау алған.

Енді Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің «Астана» - «Ботев» арасындағы алғашқы ойыны 4 шілде күні елімізде өтсе, қарымта кездесу 11 шілдеде Болгарияда ұйымдастырылмақ. Дәл осы күндері павлодарлық «Ертіс» болгариялық «Левскимен», «Ақтөбе» құрамасы армениялық ЦСКА-мен күш сынасады.