Еуропа Лигасының екінші раундындағы «Қайрат» пен «Тобылдың» қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының екінші іріктеу раундының барлық жұптары белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Айта кетейік, алматылықтар мен қостанайлықтар Еуропа Лигасының екінші раундына еш қиындықсыз шықты. Павлодардық «Ертіс» алғашқы іріктеу шеңберінен өте алмаған жалғыз команда болды.
Алматылықтардың қарсыласы бірден белгілі болды. Ол - нидерландық «АЗ Алкмар» командасы. «Тобылдың» оппоненті армениялық «Пинк» пен македониялық «Вардар» арасындағы қарсы ойында анықталды.
Нәтижесінде, армениялық команда екі мәрте 1:0 және 2:0 есебімен жеңіске жетіп, қостанайлықтарға қарсы шықты.
Еске салайық, бұған дейін «Уфа»командасының қарсыласы белгілі болған еді.
Еркебұлан Сейдахмет аталған команданың құрамында ойнайды. Екінші раундтың матчтары 26 шілдеде және 2 тамызда өтеді.