Еуропа лигасының жартылай финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі болып өтті.

Еуропа лигасының жартылай финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі болды

28 сәуір күні украиналық «Шахтер» өз алаңында «Севильяны» (Испания), ал тағы бір испандық клуб «Вильярреал» Англияның «Ливерпуль» командасын қабылдайды. Қарымта кездесулер 5 мамыр күні өтеді.

Еуропа лигасының финалдық матчы 18  мамырда Швейцарияның Базель қаласындағы «Санкт-Якоб Парк» стадионында өтеді. Соңғы екі маусымда «Севилья» турнир жеңімпазы атанып келді.