Еуропа литий гидроксидін өндіре бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Германияда Еуропадағы литий өңдейтін алғашқы зауыт ашылды. Ол электр көліктерінің аккумуляторларына қажетті литий гидроксидін өндіретін болады, деп хабарлайды Euronews. AMG Lithium Германияда Еуропадағы бірінші литий гидроксидін өңдейтін зауытын ашты. Оның құрылысына екі жылдан сәл астам уақыт кетіп, 140 млн еуро жұмсалды.

завод
Фото: freepik

Литий — электр көліктерінің аккумуляторларын өндіру үшін қажетті негізгі элемент.

«Электр көліктері үшін сізге белгілі бір өнімділік пен жүргізу ауқымы қажет болса, литий-ионды аккумулятордың орны бөлек», — деді AMG Lithium басқарушы директоры Штефан Шерер.

Зауыт шикізаттың көп бөлігін Бразилиядан алатын болады, содан кейін литийді аккумуляторлық литий гидроксидіне айналдырады.

Германиядағы зауыт жылына жарты миллион электромобильге жететін 20 мың тонна литий гидроксидін шығарады деп күтіледі. 

Зауытты іске қосу мақсаттардың бірі — Еуропа елдерінің сыртқы жеткізу көздеріне тәуелділігін азайту. Болашақта мұнда Еуропада өндірілген литий де осында өңделетін болады.

Соңғы жаңалықтар