Еуропа Орталық банкінің басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетеді
АСТАНА. KAZINFORM — ЕОБ төрағасы Кристин Лагард 2027 жылғы 7 ақпанда қызметінен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.
Лагард осы шешімі жайлы ЕОБ Басқарушы кеңесіне және Еуропа кеңесінің президенті Антонио Коштаға хабарлаған.
ЕОБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Басқарушы кеңес мүшелері Лагардқа жылы лебіздерін білдіріп, оған орындарынан ұзақ уақыт қол соғып қошемет көрсеткен.
— Бұл мекемені басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Соңғы жеті жылда маған қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын, — деді ЕОБ басшысы.
Кристин Лагард ЕОБ-ны 2019 жылдың 1 қарашасынан бері басқарып келеді. Оның өкілеттік мерзімі 2027 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді.
Еуропа Кеңесінің президенті Антонио Кошта мәлімдегендей, Лагардтың мұрагерін тағайындау рәсімі 29 қазанда басталады және кідіріссіз іске асырылады. Еуроаймақ елдерінің өкілдерінен тұратын Еуропа Кеңесі Еуропа Одағының қызмет етуі туралы шарттың 283 (2) бабында көзделген кандидат ұсыну рәсіміне сәйкес уақтылы шешім қабылдамақ.
I have been informed by Christine Lagarde, President of the European Central Bank, of her intention to step down from her role on 7 February 2027. I respectfully acknowledge her decision. I would like to thank Madame @Lagarde for her dedication as President of the @ecb since November 2019. Throughout her mandate, she has led the European Central Bank with a strong sense of duty and responsibility. Europe has been well served by her leadership in uncertain times and her unwavering commitment to the European project. Through a global pandemic, a war in Europe, energy crises and inflation shocks, she has provided a steady and determined stewardship, helping to safeguard stability and the resilience of the euro area. To ensure a smooth transition to the next leadership of the ECB, the process for the appointment of her successor will be initiated today and will proceed without delay, with a view to a timely decision by the European Council acting in its euro area composition, in accordance with the procedure set out in Article 283 (2) of the Treaty on the Functioning of the European Union.
— António Costa (@eucopresident) October 29, 2026
Француз жаңалықтар арнасы BFMTV Кристин Лагардтың Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның басшысы болуға басты кандидат екенін хабарлады.
Еске сала кетейік, ақпан айында Еуропалық Орталық банктің басшысы оның мерзімінен бұрын отставкаға кетуі туралы қауесеттерге жауап беріп, мерзімінің соңына дейін қызмет ететінін мәлімдеген болатын.