Еуропа шекарадан өтуге шектеу қояды, АҚШ-та бұғыдан коронавирус табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа шекарадан өтуге шектеу қояды, АҚШ-та бұғыдан коронавирус табылды

Еуропалық Одақ АҚШ-тан кіруге шектеу енгізуді жоспарлап отыр.

Олар сондай-ақ Израиль, Черногория, Ливан, Солтүстік Македония және Косоводан кіруге шектеулер енгізуі мүмкін.

Егер ЕО елдерінің ешқайсысы қарсылық білдірмесе бұл жаңа шектеулер 30 тамызда қабылданады.

Ұлыбританияда «дельта» нұсқасының таралуы ауруханаға жатқызу жиілігін екі есе арттырды.

Вирустың бұл түрін жұқтырған пациенттердің реанимацияға түсу қаупі 1,5 есе жоғары.

Ғалымдардың мұндай бақылауы Lancet Infectious Diseases журналындағы мақалада жарияланды.

«Елдің барлық тұрғындары үшін инфекция мен ауруханаға жатқызу қаупін барынша азайту үшін халықты толық вакцинациялау қажет» дейді дәрігерлер.

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі бұғы коронавирусының әлемдегі алғашқы жағдайлары туралы хабарлады.

Вирус Огайо штатындағы ақ құйрықты бұғыдан табылды.

Сарапшылар ауру жұқтырған бұғыларда клиникалық белгілер байқалмағанын айтады.