Еуропа су астында қалды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Еуропа құрлығында жауып жатқан толассыз жаңбырдың салдарынан көптеген қалалар судың астында қалды.
None
None

Еуроньюс агенттігі хабарлағандай, Чехияның Влтава өзенінің деңгейі көтерілді. Прага қаласына жақын жерде су тасқыны салдарынан бір адам қайтыс болды. Жалпы, елдің 40 қаласының су астында қалу қаупі бар. Австрияның Тироле аймағында жаңбыр су тоспасын шайып кетті. Бүгінде бірнеше елді мекеннің халқы қауіпсіз жерге көшірілді. Ал Германияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жағдай тым қауіпті болып тұр. Ол жақта Дунай өзені арнасынан шығып кетті. Бүгінде Пассау, Мисбах және Розенхайм қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Соңғы жаңалықтар