Еуропа тұрғындары тарифтері жоғары бола тұра, коммуналдық қызметтер үшін бізден аз төлейді - Т. Рахымбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары ТКШ саласына енгізілген жаңа технологиялардың арқасында тарифтердің жоғары болуына қарамастан, коммуналдық қызметтер үшін бізден аз төлейді. Бұл туралы бүгін ТКШ саласын дамыту мәселелеріне арналған конференцияда «Қазақстан құрылысы мен ТКШ ұлттық палатасы» ЗТБ басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді.
None
None

«Қазақстан құрылысы мен ТКШ ұлттық палатасы көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру тұғырнамасын құрды. Ол заманауи көп пәтерлі тұрғын үйге кәсіби басқару, мен оны сақтау және жөндеу негізін ескеру арқылы құрастырылған. Біздің тұғырнама әлеуметтік фактор мен нарықтың әсерін есепке ала отырып жасалды. Ол отандық күрделі сараптаманың нәтижесі, соның ішінде тарихи және халықаралық, бірінші кезекте Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесінің нәтижесі», - деді Т. Рахымбеков.

Сондай-ақ, ол Шығыс Еуропа елдері шамамен 20 жыл бұрын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында реформаларды енгізе бастағанын және бүгінде ол өз жемісін бергенін айтты.

«Бір шаршы метр үшін олар, тарифтердің жоғары болуына қарамастан, бізден аз төлейді. Бұл заманауи технологиялардың енгізілуінің және үйлерді термо жаңғыртудың арқасында. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін біз үйлерімізді жөндеуіміз қажет. Заманауи есептеу құрылғыларын, қоршаған ортаның температурасына байланысты автоматтандырылған жылу пункттерін орнатқан жөн. Осы талаптарды орындаған жағдайда, коммуналдық қызметке азырақ төлеп, қаражатымызды үнемдейтініміз анық», - деп атап өтті Қазақстан құрылысы мен ТКШ ұлттық палатасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар