Еуропада 11 миллионнан астам үй бос тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада қазіргі уақытта 11 миллионнан астам үй бос тұр. The Guardian газеті осындай деректі жариялады, деп хабарлады www.m-vremya.ru сайты.

Еуропада 11 миллионнан астам үй бос тұр

Осы басылымның ақпаратына қарағанда, бос тұрғын үйлердің саны жағынан Испания (3,4 млн. үй) алда келеді. Италияда 2-2,7 млн., Францияда 2,4 млн. және Германияда 1,8 млн. осындай үйлер бар. Сондай-ақ Португалия мен Ұлыбританияда да (тиісінде 735 мың және 700 мың нысан) бос тұрған біраз үйлер бар көрінеді.

Empty Homes, мәліметтері бойынша, Еуропада қазірде 4,1 млн. адам үй-күйсіз жүр. Бос тұрған үйлердің есебінен біраз адам үйлі болып қалар еді.

Көптеген қараусыз қалған үйлер дағдарыс алдында салынған, содан бері оларда ешкім тұрмаған. Бұл баспаналар беделді курортты аймақтарда орналасқан және жеке инвесторлардың меншігінде, олар бұдан әрі қайта сату үшін сатып алған болатын.

The Guardian бұдан бұрын хабарлағанындай, Лондондағы Бишоп-авенюде «миллиардерлер көшесі» аталған жерде орналасқан элиталық үйлердің үштен бірі бағасы қымбат болғандықтан бос қалып тұр. Олардың жалпы құны 350 миллион фунт стерлингке немесе 585 млн. долларға жуық сомаға бағаланады.