Еуропада адамдардың А/H1N1 тұмауын жұқтыруының 1 048 жаңа оқиғасы тіркелді

АСТАНА. Тамыздың  25-і. ҚазАқпарат -  Өткен тәулікте   Еуропада  адамдардың А/H1N1  тұмауын жұқтыруының    1 048  жаңа оқиғасы   тіркелді, 

Еуропада  адамдардың  А/H1N1  тұмауын   жұқтыруының  1 048  жаңа оқиғасы тіркелді

деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Денсаулық сақтау  жөніндегі  еуропалық  агенттіктің  жариялаған  есебі  бойынша,   Германияда  -585  жаңа  оқиға анықталса,    Португалияда - 223,   Грекияда - 207   оқиға   тіркелген.    Қалған  фактілер  Чехия, Болгария,  Румыния және   Финляндия елдерінде    орын  алып  отыр.

 Еуропада А/H1N1  тұмауын  жұқтырудың   жалпы алғанда,     43 мың 152 оқиғасы  тіркелген.   Оның   ішінде, Германияда - 14 325,  Ұлыбританияда-  12  957,   Португалияда - 2 210, Грекияда - 1 631,   Испанияда - 1 538,  Францияда - 1 125 оқиға   тіркелген.