Еуропада әрбір оныншы адам жұмыссыз жүр - Халықаралық еңбек ұйымы
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сәйкес, Еуропада әрбір оныншы адам жұмыссыз жүр. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы Украина істері жөніндегі сенімді өкіл, профессор Петр Токарь мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сәйкес, Украинада дағдарыс кезінде басталған жұмыстан босату науқаны әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазірдің өзінде бұл елде 2 млн. адам жұмыссыз жүр. Ал биылғы бірінші жартыжылдықта Еуропа одағы елдерінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жұмыссыздардың саны 8,7 пайыздан 10 пайызға дейін өсті. «Бұл дегеніміз, Еуропада әрбір оныншы адам жұмыссыз жүр деген сөз. Әсіресе, бұл жағымсыз үрдіс Латвия, Испания, Эстония, Литва, Словакия, Ирлания және тағы басқа бірқатар мемлекеттерде байқалады. Осы елдердегі жұмыссыздықтың деңгейі 13-20 пайызды құрап отыр. Сол себепті бүгінде Еуропада сан алуан митинг пен жұмыссыздар шеруілері жиі орын алып отырады», - дейді П.Токарь.