Еуропада COVID-19 қайта өршіп барады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда соңғы тәулікте COVID-19 індетін бес мыңнан астам адамның жұқтырғаны анықталғанына қарамастан, ел мектептерін ашуға дайындық жүріп жатыр. Бұл – Францияда сәуір айының ортасынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ауруға шалдыққандардың жалпы саны – 250 мыңнан астам адам. Төрт мыңнан астам пациент ауруханада жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Хорватияның Сплит-Далмация өңірінде билік вирусқа шалдыққан адамдар санының күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы шараларды күшейтті. Соңғы тәулікте мұнда індет жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді (358 адам). Қазіргі кезде COVID-19 жұқтырудың екі мыңнан астам оқиғасы расталды. Хорватия денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, жаңа пациенттердің орташа жасы 35-те.

Италияда – мамыр айынан бері тәулік ішінде СОVID-19 жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелген тағы бір ел. Онда індетке шалдығудың 1367 жаңа оқиғасы тіркелді, ал ауруға шалдыққандардың жалпы саны – 260 мыңнан астам адам.

Германия билігі жергілікті тұрғындарға қыркүйек айының ортасына дейін Еуроодақ сыртындағы 160 елге туристік сапар жасаудан бас тартуды кеңес етті. Елде вирус жұқтырудың өсімі қайта басталған.

Осы арада, Давоста 2021 жылдың қаңтарында өткізілуі тиіс Дүниежүзілік экономикалық форумның ұйымдастырушылары оны жаздың басына қалдырған. Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар биыл кездесуді өткізу өте қауіпті деп санайды.


Соңғы жаңалықтар