Еуропада ең биік тұрғын үй бой көтермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше ай ішінде Еуропадағы ең биік «Федерация» мұнарасының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Мәскеу мэрінің қала құрылысы саясаты және құрылыс мәселелері бойынша орынбасары Марат Хуснуллин хабарлағандай, бұл кешеннің бірінші бөлігі бұдан бұрын тапсырылған. Екінші бөлігі таяуда салынады. «Тұтастай, «Мәскеу-Сити» кешенінің негізгі нысандарын 2019 жылы аяқтау жоспарлануда», - деді журналистерге Хуснуллин.
«Федерация» мұнарасының биіктігі - 374 м. Зәулім үй биіктігі әртүрлі 2 мұнарадан тұрады - «Батыс» 63 қабатты мұнара және «Шығыс» 95-қабатты мұнара. Екі ғимарат алты қабатты тұғырмен біріктірілген.
Фото: © РИА Новости/Кирилл Каллиников